«Аю-тас» балалар сауықтыру лагерінде «Жасыл болашақ» экологиялық ауысымының кезекті күні «Open Camp» – Ашық есік күні атауымен өтті.
Дәстүр бойынша күн таңғы жаттығудан басталып, балаларға сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Күннің бірінші жартысында тәрбиеленушілер жағажай аумағын тазалау бойынша экологиялық акцияға қатысты. Балалар аумақты қоқыстан тазартып, табиғатты қорғау әр адамның өзінен басталатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер «Табиғатты қорғайық!» тақырыбында плакаттар дайындап, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен қоршаған ортаға деген жанашырлықтарын көрсетті.
Ашық есік күні аясында балалар департаментке барып, танымдық кездесуге қатысты. Мамандар қызықты әңгіме өткізіп, өз қызметтері туралы айтып берді және арнайы құрал-жабдықтары мен инвентарьларын таныстырды. Балалар арнайы киімдерді киіп көріп, сұрақтар қойып, іс-шараға белсенді қатысты.
Бос уақыттарында тәрбиеленушілер заманауи бейнероликтер мен трендтік видеолар түсіріп, түрлі ойындар ойнап, достарымен көңілді уақыт өткізді.
Кештің жарқын қорытындысы ретінде «90-жылдар күні» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы ерекше атмосфераға еніп, сол кезеңнің танымал әндері мен билерімен танысты. Қатысушылар ламбада биін билеп, түрлі байқауларға қатысып, шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Кеш барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Күн мазмұнды, қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, экологиялық тәрбие, жаңа білім мен шығармашылық белсенділікті ұштастырды.
Қаралым саны: 43



