«Экология және үндістер дәстүрі күні»

«Аю-тас» балалар сауықтыру лагерінде тағы бір мазмұнды әрі қызықты күн өтті. Бұл күн пайдалы істерге, шығармашылыққа және жарқын әсерлерге толы болды.

Дәстүр бойынша таңертеңгілік уақыт таза ауадағы сергіту жаттығуларынан басталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен жаттығу жасап, сергектік пен қуат алды.

Күннің бірінші жартысында тәрбиеленушілер «Таза Қазақстан – Өзіңнен баста!» экологиялық акциясына белсене қатысты. Балалар сенбілікке шығып, лагерь аумағы мен айналасын сыпырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсеткен тәрбиеленушілер қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар балалар акция аясында заманауи трендке сай қысқа бейнеролик түсіріп, экологиялық мәдениетті насихаттады.

Кешкі уақытта лагерьде «Үндістер күні» атты жалпылагерьлік іс-шара ұйымдастырылды. Бір күнге лагерь аумағы үндіс тайпаларының ауылына айналды. Әр жасақ өз тайпасының ерекше атауын, ұранын, тотемін және үндістер стиліндегі бейнесін дайындады.

Тәрбиеленушілер тайпа көсемдерін таныстырып, жауынгерлік ұрандарын айтып, әндер орындап, билер билеп, түрлі шығармашылық көріністер көрсетті. Сонымен қатар тайпалардың тұрақтарын безендіріп, өздерінің бірлігі мен ұйымшылдығын паш етті. Барлық қатысушылар шығармашылық қабілеттерін, артистік шеберліктерін және командалық рухтарын жоғары деңгейде көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша ең белсенді, ұйымшыл және шығармашыл тайпалар грамоталармен марапатталды.

Күн соңында көңілді дискотека ұйымдастырылып, балалар достарымен бірге би билеп, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын эмоцияларға бөленді.

Бұл күн тәрбиеленушілерге ұмытылмас әсер сыйлап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын, достық пен бірліктің құндылығын тағы бір мәрте көрсетті.

 

21.06.2026
Қаралым саны: 53